Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің аннотациясы » Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің аннотациясы
20
сентябрь
2016

Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің аннотациясы

 

Мектептің іргесі 1949 жылы қаланған, 1966 жылы Қаныш Сәтпаев есімі берілген.

Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты мен қосымша бағдарламаларды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекеме.

Мектеп директоры – Байдаулетов Баглан Жумабекович(2019 жылдың ақпанынан), еңбек өтілі -19 жыл, бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі.

Мектепте 272 оқушы білім алуда, оқыту қазақ тілінде жүргізіледі

Барлығы 17 сынып- комплект, 2 мектепалды даярлық тобы бар.

Мектепте 36 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді - 33, арнаулы орта -3. Жоғары санатты - 4 мұғалім, І санатты- 12 мұғалім, ІІ санатты –14 мұғалім. 

«Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызмет енгізу арқылы білім сапасын арттыру» проблемасын негізге алып жұмыс істейді. Мектеп бүкіләлемдік ғаламтор жүйесіне қосылған, компьютер бөлмесі, интерактивтік тақта жұмыс істейді.

2012-2013 оқу жылы табыссыз болған жоқ.Мектеп аудан, облыс, республика көлемінде өтіліп жатқан іс-шаралардың белсене қатысушысы болды.Мектеп оқушылары қазіргі заманғы озық технологияларды сабақ үрдісінде қолдануда. Мектепте интерактивті кабинет, компьютерлік сынып жұмыс істейді. Интернет желісіне толықтай қосылған. Ол оқушылар мен мұғалімдерге бүкіләлемдік ақпараттық жүйелерге еркін еніп, тәжірибе алмасу, өз білімін жетілдіру, зерттеу жұмыстарымен айналысуға зор мүмкіндік береді. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын іске асыру жолында мемлекет тарапынан біздің ауылымыз да шет қалмады. Оның дәлел 2012 жылдың 1 қарашасы күні мектеп ішінен 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналыпмектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту мақсатында 40 бала, екі топқа арналған жаңа үлгідегі шағын орталықтың ашылуы. Қазіргі күнде 39 бала шағын орталықта тәрбиеленуде. Шағын орталықта қазіргі күнде 15 адам жұмыс атқаруда. «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес» деп Елбасы атып көрсеткендей мектептегі құқықтық тәрбие жұмысы талапқа сай, жолға қойылды деп айта аламыз. Мектепте мектепішілік және аудандық балалар мен жасөспірімдер инспекциясының тізімінде тұрған балалар жоқ. Тегін ыстық тамақпен -20 оқушы, оның ішінде 15- жағдайы төмен, 1- жетім, 4- көп балалы отбасынан, 1және 2 сыныптың 59 оқушысы барлығы 79 бала ыстық тамақпен қамтылған. Мектептің техникалық базасы одан әрі дамытуды қажет етеді. Себебі өзініңжолдауында Елбасы оқыту әдістемелерін жаңғыртуды, білім берудің он-лайн жүйелерін дамытуды мемлекетке тапсырды. Бұған мектеп ұжымы да өз үлесін лайықты қоса алады деп айтуға болады. Оған дәлел аудан көлемінде өткен мұғалімдер байқауындағы мектеп мұғалімдерінің жетістіктері . Атап айтсақ аудандық «қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі» аясында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасында мектеп мұғалімі А.Алишеваның І орынға , «орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі» аясында өткізілген орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасында мектеп мұғалімі Г.АқылбекованыңІ орынға ие болуы. Оқушы жетістігі мұғалім еңбегінің жемісі. Біз мектеп ұжымы оқушыларымызды мақтан тұтамыз. Дарынды оқушылармен жұмыс жүйеге еніп келеді. Әр бала өзінше дарын. Мұғалім алдында оны анықтау және дарындылығын дамыту мақсаты бар. Біз мектеп бітіруші түлегіміз, аудандық, облыстық «Мағжан оқулары», аудандық «Абай оқулары» байқауларының жеңімпазы, жас тілші Алтынай Үшкемпірді мақтан тұтамыз. 8 сынып оқушысы Жайлау Бекжан таеквондодан халықаралық, республикалық біріншіліктердің жеңімпазы болып, спорт шебері нормативін орындады. Салауатты ұрпақ тәрбиелеу мектепте басты назарда болады. Жақын күндер де ғана 9 сынып оқушысы Әбді Шаншархан аудандық «сегіз қырлы серілер» байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, облыстық байқаудың ІІІ орын жүлдегері болып оралды. Сонымен қатар мектеп оқушылары республикалық интернет-олимпиадалардың тұрақты қатысушысы.

2015-2016 оқу жылында мектеп бітіруші оқушылардың 84% мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ҰБТ нысанында тапсырды.Қорытындысында орташа балл 71 –ді құраса, білімі сапасы 70% көрсетті.

Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы аясында мектеп түлегіДаутов Самат АҚШ*тың Массачусетс университетінде оқиды.

 

Похожие публикации:

20 сентябрь 2016 Біздің мектеп