Жүрегім толы мейрімділікке » Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жүрегім толы мейрімділікке
08
февраль
2019

Жүрегім толы мейрімділікке

Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Қамқорлық» атты тақырыпта өткізілген
қайырымдылық акциясы туралы
МӘЛІМЕТ

2018-2019 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу жұмыстары жүргізілді. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген мөлтек аудан бойынша бекітілген мұғалімдер 217 үйді аралап, 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды.
Мектепте Қамқоршылық кеңесінің жиналысы өткізілді және іс-шара жоспарымен таныстырылып, комиссия мүшелері сайланып, хаттамасы толтырылды.
Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі 2 сынып оқушысы Амансары Айдынға мектеп психологі А.Қ. Мырзатаева, әлеуметтік педагог Ұ.Ж. Ошахтиева үйіне барып, мектеп ұжымының атынан тәттілер салынған сөмке сыйлады.
Апта бойы 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қайырымдылық» жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары және мұғалімдері белсене қатысты.
Қайырымдылық акциясы шарасының барысында мектеп 34 мұғалімнің ұйымдастырумен 55000 теңге қаражат жиналып, 4 күн бойы аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға ыстық тамақпен қамтылды.
«Жылғабек» мешітінің имамы Қоспанов Ә.М. 10 000 теңге берді.
Акция барысында мектеп ұжымы мен ауыл азаматтары белсене қатысты.