Қамқоршылық кеңес № 3 хаттамасы » Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес № 3 хаттамасы
22
февраль
2019

Қамқоршылық кеңес № 3 хаттамасы

«Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан құрылған қамқоршылық кеңес отырысының № 3 ХАТТАМАСЫ
Ақтөбе ауылы 23 қараша 2018жыл

Қатысқандар: Құлыншақбаев Ж.А., Байбағысова С.С.,Қоспанов А.М., Босынова Б.Ш., Сегізбаев М.А., Охаиев Н.Қ., Сержанова А.Б., Шілдебаев М.Т., Жаутикова Х.А, Қожабекова С.С. және мектеп директорының міндетін уақытшы атқарушы Байдаулетов Б.Ж., мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумагулова А.А., мектеп инспекторы Пирматов А.Ж.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі аясында екінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша мектеп директорының есебі.
2.Мектеп инспекторы А.Ж.Пирматовтың екінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есебі.

ТЫҢДАЛДЫ:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Ж.Байдаулетов сөз алды.Ол, өз сөзінде 2017-2018 оқу жылының ІІ жартысында мектепте атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті. Мектеп өміріне ат салысу, бітірген мектепке, ұстаздар қауымына құрмет көрсету жылдан-жылға мектеп бітіруші түлектер арасында жанданып келе жатқан үрдіс.Осы мақсатта атаулы мектепті 1998 жылы бітірген,яғни мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер Қ.Сәтбаев мектебіне бағасы 210 мың теңге тұратын шкаф сыйға тартты. Мектепте республикалық «Мектепке жол» акциясы да дәстүлі түрде 2018 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып өткізілді. Биылғы акция «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын-алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Ауыл мешіті қамқоршылықтағы Сарсенбаева Айғанымға 40 мың теңгеге мектеп формасы, спорттық киімдер, сумка құрал-жабдықтарымен және күздік сырт киіммен қамтамасыз етті. Жеке кәсіпкер Қожабекова С.С. демеушілігімен 2 оқушыға мектеп сумкасы құрал-жабдықтарымен сыйға тартты. «Ақерке» бала бақша ұжымының демеушілігімен 3 сынып оқушысына қыстық сырт киім мен жемпір сыйға тартылды. Ақсақалдар алқасының төрағасы 10 мың теңге беріп, ол екі балаға бөліп берілді. Мектеп болып, ұжым болып баланың ой-өрісін дамытуға, білім беруге,білім алып,шығармашылық әлеуетін көтеруге барлық жағдай жасалған. Оқушылар сабақтан тыс уақытта үйірме сабақтарына қатысады. Өздеріңіз білесіздер оқушыларымыз «Күрес» үйірмесіне қатысып, республика көлемінде жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленуде. «Болашағыңды ойласаң-жастарды тәрбиеле» дегендей баланың дамуына үлес қосамын деген кез-келген демеушіге, ауыл азаматтарына есігіміз әрдайым ашық.
2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы А.Пирматов сөз алды. Ол, өз сөзінде Ақтөбе ауылы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндап өтті. Осы аралықта ешқандай құқықбұзушылық орын алмағандығын айтты. Мектеппен бірлескен жоспар бойынша оқушылармен түрлі тақырыптарда профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отыратынын айтып, мектеп әкімшілігімен бірлескен рейд ұйымдастырылып, кешкі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жүріп-тұруы зерделенді.
Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе төмендегідей
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Ж.Байдаулетовтың ағымдағы оқу жылының екінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.
2. Мектеп инспекторы А.Пирматов екінші жартыжылдықта кәмелетке томаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша атқарған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп танылсын.

Кеңес төрағасы Ж.Құлыншақбаев
Хатшы С.Байбағысова
Кеңес мүшесі А.Қоспанов
Кеңес мүшесі Б.Босынова
Кеңес мүшесі М.Сегізбаев
Кеңес мүшесі Н. Охаиев
Кеңес мүшесі М.Шілдебаев
Кеңес мүшесі Х.Жаутикова
Кеңес мүшесі С.Қожабекова
Кеңес мүшесі А.Сержанова