Асхана жұмысы » Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2019

Асхана жұмысы

Мектеп жанындағы асхананың және дәрігерлік бөлімнің жұмысын жандандыру

Мектеп жанындағы асхана және азық-түлік, дайын болған тағамның сапасы, асхана қызметкерлерінің денсаулығы, тазалығы күн сайын медицина қызметкерінің тексеруінен өтеді.
Асхана тазалығы ыдыстардың режиммен және хлордезин ерітіндісімен жуылуы қатаң қадағаланады.
Аспаздармен тазалық сақтау жөнінде ай сайын нұсқаулар жүргізіледі.
Витамин жетіспеушілігінің алдын-алу мақсатында оқушылардың сұйық сусын тағамдары «Аскорбин» қышқылымен дәрумендендіріледі.Ыстық тағамның жылы күйінде берілуі және дәмді, сапалы болуы қадағаланады.
Мектеп жанындағы дәріхана қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.Оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне қажет болған жағдайда ауыруды басатын және емдейтін дәрі-дәрмек беріледі. Дәріхана бөлмесі санитарлық гигиеналық нормаларға сәйкестігі қарастырылған.Күнделікті хлордезин ерітіндісімен тазалау және аптасына бір рет тиянақты тазалық жұмыстары жүргізіледі.Оқушылардың жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуіне байланысты салмағын және бойын өлшеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медбике Кайназарова А.С.