Жас Ұлан ұйымына қабылдау » Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас Ұлан ұйымына қабылдау
27
ноябрь
2019

Жас Ұлан ұйымына қабылдау

Еліміздің ертеңі...
Ақтөбе ауылы, Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінде қараша айының 26 жұлдызында «1-желтоқсан – тұңғыш Президент күні» мерекесі қарсаңында, «Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты тақырыпта мектеп оқушыларын республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Жас ерекшеліктері бойынша 2-4 сыныптар аралығында 23 оқушы «Жас Қыран» ұйымына, 5-8 сыныптар бойынша 19 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Салтанатты жиын барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы ортаға кіргізіліп, ұйымның гимні шырқалды. «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Қалмаханбет Балнұр, ұйымға қабылданушы оқушыларға сап түзетіп, Аға тәлімгерге рапорт берді. Оқушылар ұйымның арнайы Ант беру рәсімі бойынша Ант берді. Жиынның маңызды сәті, «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук пен төсбелгі, «Жас Қыран» ұйымына қабылданатын оқушыларға төсбелгі табыстау мәртебесі, Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің әкімшілігі мен ардақты ұстаздарға тапсырылды. Оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылданып, ұйымның мүшесі атанды.
Еліміздің ертеңі келер ұрпақтың қолында десек, артық айтпайтын шығармын. Мектептегі тәрбие бөлімінде «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының алатын орны ерекше. Ел басқарған – президентте, ғарышты бағындырған – ғарышкерде, бәрі-бәрі мектептен шығатыны белгілі екені қақ. Қаныш Сәтбаев мектебінде алар асулары мен бағындырар белестері, шығар шыңдары мол оқушылардың барына кәміл сенемін. Дихан егінімен мақтанса, мұғалім оқушыларымен мақтанады. Сол сияқты бүгінгі күн біз үшін ерекше күн...


Дайындаған: Қ. Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәріпходжаев Еламан
Жас Ұлан ұйымына қабылдау
Жас Ұлан ұйымына қабылдау
Жас Ұлан ұйымына қабылдау