"Мектеп асханасы" республикалық акциясының есебі » Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектеп асханасы" республикалық акциясының есебі
25
февраль
2020

"Мектеп асханасы" республикалық акциясының есебі

Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі тексерудің қорытындысы

Тексеру жүргізгендер:
Комиссия төрағасы: Б.Ж.Байдаулетов - мектеп директоры;
Мүшелері:
1. С.С.Байбағысова- ата-аналар комитеті.
2. Б.Б.Қалымбетов-Қамқоршы кеңес төрағасы
3. Е.М.Шарыпходжаев – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
4. С.Қ.Асықбаева – әлеуметтік педагогы.
5. А.С.Қайназарова – мектеп медбикесі.
6. Р.М.Какимова – кәсіподақ төрайымы

Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
1.Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына,өнімдердің
және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне ,мектеп асханасының талапқа сай жұмыс
жүргізуі.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мектепте 83 оқушы ыстық тамақпен қамтылған,1 сыныпта 24 оқушы олардың күнделікті асханадан ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілерілер қадағалайды.

Мектеп асханасының санитарлық жағдайы,асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы,азық-түлік сақтайтын қоймалар,жеміс-көкөніс сақтайтын орындар,
қайнату,ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер,азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі
талапқа сай жөндеу жұмысы жүріп жатыр.Шикізаттың жеткілікті қолданылуы,дайын
астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге
азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде.
Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген.Ата-аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан «Шағымдар мен ұсыныстар» журналы арналған.
Мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып,
«Бақылау асы» қойылған.Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны
анықталды.Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.
Комиссия асхана жұмысын жан-жақты тексеріп,төмендегідей шешімге келді.
ШЕШІМ:
1.Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3.Азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
4.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде
5.Аталған кемшілік жөнінде аспазшы С.Хамзинаға ескертіліп,дер кезінде жойылсын

Ұсыныс:
1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі,сынып
Жетекшілер тарапынан қадағалансын.

2.Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.


Мектеп директоры: Байдаулетов Б.


Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізудің қорытынды есебі

«Мектеп асханасы» республикалық акциясының қорытынды есебінде тамақтану сапасына мониторинг жүргізіледі. Яғни, мониторинг жөніндегі комиссия мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тамақтанудың сапасы басшылыққа алынды.
Мақсаты: тамақ өнімдерінің сапасын тағамдарды дайындау технологиясын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдерін, мектеп-гимназия асханасының талапқасай жұмыс жүргізуін бақылау.
Мектепте жалпы оқыту қорынан 107 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың күнделікті асханадан ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог С.Асықбаева қадағалайды.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы асхананың жалпы тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
Шикізаттың жеткілікті қолдануы дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераж журналы уақытылы толтырылған.
Бекітілген мәзір бойынша ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шағымы өз деңгейінде.Тәуліктің сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген.
Ата-анамен басқа бақылаушылар тарапынан шағымдар мен ұсыныстар тамақтанудағы кемшіліктерді тіркеу журналы алынған. Мектеп асханасының көрнекті жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны анықталды. Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.
Шешім:
1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2. Асханада тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3. Аталған кемшілік жөнінде бас аспазшы Ә.Мархабаеваға ескертіліп, дер кезінде жойылсын.
Ұсыныс:
1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбике, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан күнделікті қадағалансын.
2. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.

Комиссия төрағасы: Б.Ж.Байдаулетов - мектеп директоры;
Мүшелері:
1. С.С.Байбағысова- ата-аналар комитеті.
2. Б.Б.Қалымбетов-Қамқоршы кеңес төрағасы
3. Е.М.Шарыпходжаев – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
4. С.Қ.Асықбаева – әлеуметтік педагогы.
5. А.С.Қайназарова – мектеп медбикесі.
6. Р.М.Какимова – кәсіподақ төрайымы