Қ Сатбаев » Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2020

Қ Сатбаев

Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектеп
2020 жылдың 27 қаңтар және 27 ақпан аралығында өткен «Мектеп асханасы» республикалық акциясы
Мониторинг және бракераждық комиссия жұмысының нәтижесі
Мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде мониторинг және бракераждық комиссиясы құрылған, бұйрықпен бекітілген, сонымен қатар арнайы іс шаралар жоспары бойынша жұмыс жасайды. Комиссия әр айдың басында балаларға келген азық түлікті тізбектеп жазып, акт жасап қабылдап алады. Аптасына бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізеді, мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалайды. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылайды. Барлық сараптама нәтижелері арнайы бракераждық журналдарға толтырылады, айына бір рет комиссия отырысы болады.«Мектеп асханасы» республикалық акциясы барысында ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы мектепте перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитариялық жағдайы, азық түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы бақылау жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесі мониторинг және бракераждық комиссия жұмысының нәтижесінің талапқа сай жүргізілгенін көрсетті.
Сонымен қатар ведомствоаралық сараптамалық комиссиясынан өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор. Тамақтану-маңызды физиологиялық үрдіс. Ол нақты ережелерге, гигиеналық талаптарға сүйене отырып іске асады. Ал оны жас ұрпақ санасына, өмір салтына сіңіру ата-аналар мен біздің басты міндетіміз.
Акция аясында « Ашық есік» күндеріне келген ата аналардың қатысуымен «Оқушылардың тиімді тамақтану» тақырыбында таныстырылым көрсетіліп, кеңес берілді. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар екендігі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасатындығы, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі екендігі айтылды. Ата-аналардың тарапынан /Мектептегі тамақтаң берілуі, тамақтың мөлшері, жемістер мен көкөністердің сақталуы/ туралы сауалдар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Балалардың күнделікті тамақтануы өсу үстіндегі организмнің қажетті қоректік заттектерге және қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы мектеп оқушысына арналған негізгі салауатты тамақтану ұстанымдары туралы білу аса маңызды.